Тоқаев: Жол жөндеуге мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр
Мемлекет басшысы Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз жасалған республикалық және жергілікті жолдарды сынға алды. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды:
"Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр".
"Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз:
- 2021 жылы Қазақстанда жаңа 4 жолдың құрылысы басталады. Жалпы ұзындығы – 607 шақырым
- Алматыда биыл 250 мың шаршы метр жол жөнделеді