Пандемия кезінде қаржы пирамидалары көбейе түскен. Алаяқтарға алданбаудың амалы қандай?
Тегін ақша жерде жатпайтынын ескерсек, аяқ асты байып кету туралы ұсыныстың тек шығын шектіретінін ұмытпаңыз.Шілде айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікке мониторинг жасау барысында инвестициялық қызметтен жоғары кіріс алуға уәде бере отырып, өз қызметін белсенді жарнамалайтын Finiko компаниясын анықтады. Бұл компания Ресей Орталық Банкінің сайтында "қаржылық пирамида" белгілері бар ұйым тізімінде тұр.
Жалпы, елімізде қаржылық пирамида алғаш рет тоқсаныншы жылдардан пайда болған. Күні бүгінге дейін оның құрбандарының қатары артып келеді. Қаржылық пирамиданың қарапайым халыққа келтіріп жатқан материалдық залалы жыл сайын бірнеше миллиардтарға дейін барады.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 150-бабымен және Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидалары әлеуметтік желіге көшті. Оларды қалай анықтауға болады?
Қаржы пирамидасының негізгі белгілері
- Қаражаттың елеулі сомасын салу қажеттілігі.
- Ірі пайыздарды және салынған ақшаны тез қайтаруды уәде ету.
- Төлемді алу үшін таныстарыңызды олар да өз қаражаттарын салуы үшін тарту керек.
- Жоба "ноу-хау" ретінде ұсынылады.
- Компания қаражат жинау қарсаңында тіркелген, оның жарғылық капиталы ең төмен және жалғыз құрылтайшысы бар.
- Тіркеуді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында "Салық төлеушілерді іздеу" сервисі арқылы тексеруге болады.
- Әлеуметтік желілердегі белсенді және ойдан кетпейтін жарнама, түрлі презентациялар, түрлі мүмкін сыйлықтардың ұтыс ойындары, сыйлықтар, жолдамалар, парақшаларды жаппай тарату, пошта және e-mail арқылы тарату.
- Шартты мұқият зерделеу кезінде егер бір нәрсе дұрыс болмай қалса, ешкімге жауапкершілік жүктелмейтіні түсінікті.
- Компания өзін "микроқаржы ұйымы", "несие бюросы", "қарызға қарсы бағдарлама", "қаржылық қызметтер орталығы" ретінде жасыра алады.
- Көбінесе "Сіз банктен бас тарттыңыз ба? Біз көмектесеміз!", "Берешектен құтылуға көмектесеміз!", "Ақшаңызды көбейтіңіз", "Тәуекелсіз пассивті кіріс" және т. б. ұрандармен жүреді.
- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы жоқ.
- Қолма-қол ақшаны қабылдайды немесе компанияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын қолданбай, интернет-төлемдер мен аударымдардың әртүрлі жүйелерін пайдаланады.
Мәселен, "Finiko" пайдаланушыларға "Сyfron Sapital OÜ" платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады. Бұл жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы.
Бүгінде прокуратура компания үстінен қылмыстық іс қозғады. Оған 165 мың адам қаржы салып үлгерген.
Бұл компания жоғары пайыздарды ұсынады бірақ бастапқы соманы салу қажет, пайдаланушыға CFR криптовалюталарын және өзге инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады. ҚНРДА-нің лицензиясы жоқ өзін "пайда табудың автоматтандырылған жүйесі" ретінде жарнамалайды, ақшаны тек қолма-қол нысанда қабылдайды немесе Qiwi-әмияндар, Яндекс-ақша, Easy Pay, PayPal және басқалары сияқты интернет-төлемдер мен аударым жүйелерін қолданады.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасының белгілері қандай және оған қалай алданбауға болады?
Қаржы пирамидасы қалай бүркемеленеді?
Қаржы пирамидаларын жасаушылар өздерінің алаяқтық схемаларын әртүрлі тәсілдермен бүркемелеуге тырысады. Олар бағалы қағаздармен, зергерлік бұйымдармен, криптовалюталармен, туристік жолдамалармен және басқа да тауарлармен немесе қызметтермен сауда жасайтындығына және оның бәрі заңды түрде екендігіне сендіруі мүмкін. Алайда, мұндай ұйымдардың жалғыз мақсаты – табысы жоғары жобаға сенетін аңғал азаматтардан ақша тарту екенін түсіну керек, бұл айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.
Кез келген қаржы пирамидасының басты ерекшелігі – өте жоғары табыстылық пен салынған ақшаны жылдам қайтару уәдесі. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әр жаңа қатысушы үшін түрлі бонустар, жеңілдіктер немесе тіпті тікелей төлемдер ұсына алады. "Егер сіз тағы екі салымшыны алып келсеңіз, сіздің кірістілігіңіз 20% емес, айына 30% болады", – деп уәде береді алаяқтар.
Өз ақшаңызбен тәуекелге бару алдында келесі жеті кеңесті назарда ұстаңыз:
№1. Компанияның беделін және ол ұсынатын ақпараттың дәйектілігін зерделеңіз
- Депозит тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арқылы қаржы реттеушісінің лицензиясы болуға тиіс.
№2. Компанияның иелері мен басшылығы туралы ақпараты зерделеңіз
Оның қайда тіркелген біліңіз. Егер басшылық туралы деректер құпия болса, ал компанияның өзі әлдебір оффшорлық аймақта тіркелсе, онда оған ақшаңызды орналастыру алдына ойланыңыз. Компанияларды оффшорлық аймақтарда тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, ал нақты иесінің атын немесе осы құрылымның артында кім тұрғанын білу өте күрделі. Сондықтан компанияның барлық жарғылық және құрылтай құжаттарын ұсынуды міндетті түрде сұраңыз.
№3. Компанияның лицензияланғанын не лицензияланбағанын біліңіз
Өз қызметін қандай нормативтік және рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асыратынын анықтаңыз. Сондай-ақ компанияның есептілігімен танысқан және пайданы қайдан және қанша табатынын білген дұрыс.
№4. Алаяқтар психологияны жақсы біледі
Егер инвестициялардың кепілдік берілген жоғары кірістілігіне уәде берсе, одан сақтану керек. Алаяқтар психологияны жақсы біледі және адамның жылдам әрі оңай байып кету ниетімен ойнайды. Сондықтан пирамидалар жылдық 20, 50, 100% кірістілік болады деп оңай уәде береді, себебі бұл уәдені орындамайды.
№5. Ақшаны қайтарудың нақты тетігінің болмауына сақтықпен қарау керек
Егер компания қызметінің ерекшелігі айқын болмаса, ақша салудан бас тарту керек. Мысалы, егер қаражат белгілі бір сомаға қол жеткізгеннен кейін қайтарылады деп жазылса. Сіздің салынған қаражатты басқару және қажет болған кезде оны алу мүмкіндігіңіз болуға тиіс. Осындай деректер әдетте шартта жазылады. Құжатқа қол қояр алдында оны мұқият зерделеу, ал түсініксіз тармақтар болған кезде, мамандардан консультация алу қажет.
Есте ұстаңыз: Егер сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе осындай пирамидаға таныстарыңыз немесе жақындарыңыз тартылған болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе аумақтық қаржылық мониторинг органына жүгінуіңізді сұраймыз. Қаржылық маниторинг агенттігінің сенім телефоны: +7 (7172) 708-478.