"Санта-Клаус раллиі": Жаңа жыл алдында қандай акциялардың бағасы өседі?
FFG компаниясының талдаушысы Тамерлан Абсалямов жаңа жыл қарсаңында акциялар бағасы қалай өсетінін сараптап, сатып алушыларға 10 кеңес берді.
"Санта-Клаус раллиі" деген не?
1972 жылы Stock Trader’s Almanac кітабының авторы Йель Хирш "Санта-Клаус раллиі" терминін енгізді. Ол S&P 500 индексінің тербелісіне талдау жасап, мынадай заңдылықты анықтады: биыл соңғы бес сауда күнінде және келер жылдың алғашқы екі сауда күнінде акциялардың бағасы 79,2% жағдайда өседі. 1950-2020 жылдар аралығындағы кезеңде "Санта-Клаус раллиі" 57 рет болған, ал S&P 500 индексі орташа алғанда 1,3%-ға өсетін.
"Санта-Клаус раллиі" терминіне оның пайда болғанын түсіндіруге арналған әртүрлі теорияларды жатқызатын. Мұндай теориялардың біріне сәйкес, инвесторлардың оптимизмі мереке күндері сауданың көп болуынан және жылдық бонустарды инвестицияларға салудан болатын мерекелік көңіл-күйге байланысты. Басқа теорияға сәйкес, осы кезеңде институционалдық инвесторлар демалысқа шығады, олар нарықты әдеттегідей, оптимистік көзқараста болатын бөлшек инвесторларға қалдырады. "Қаңтар барометріне" келсек, бұл – қор нарығының қаңтар айында байқалатын кірістілігі жыл бойына нарық көрсеткіштерін болжау индикаторы ретінде қызмет етеді деп сендіретін теория", – деді талдаушы.
S&P500 индексінің бүкіл тарихында белгілі бір айларда жоғары кірістілік қатты байқалатын. Қарашадан қаңтарға дейінгі кезең статистикалық өсетін серпінді көрсетеді: қараша айында орташа кірістілік – 1,42%, желтоқсан айында – 1,37%, ал қаңтар айында 0,98%-ды құрады. Керісінше, тамыз бен қыркүйек айлары тарихи тұрғыдан әлсіз кезең болып саналады, олардың кірістілігі орташа алғанда -0,26%-ды және -0,57%-ды құрайды. Сондай-ақ, нарыққа қатысушылар ай соңында, әсіресе әр айдың соңғы бірнеше күнінде, акциялар әдеттегідей ағымдағы айдың соңында және келесі айдың басында көбірек өсуге бейім болғанда әсер болады деп болжайды. Ағымдағы айдың соңғы төрт күніндегі және одан кейінгі айдың алғашқы екі күніндегі сауда 64% жағдайда оң өсуге әкеледі. Айлардың арасындағы осы құбылысты ескере отырып, күнтізбелік жылдың соңындағы көрсетілген өсу тенденциясы "Санта-Клаус раллиі" тұжырымдамасына сәйкес келеді.
Оқи отырыңыз: Amazon, Uber, Moderna, Twitter акцияларын қазақстандық қор биржасы арқылы сатып алуға болады
Содан кейін ралли қаңтар айының алғашқы екі сауда күніне созылады. Инвесторлар акцияларды көбінесе қаңтар айында бағалар өседі деген үмітпен сатып алады, оны әдетте "қаңтар айының әсері" деп аталады. Зерттеулер көрсеткендей, желтоқсан айында акциялардың құны өсетін акциялардың құнынан асып түсуі мүмкін. Кейбір инвесторлар салық шығындарын жинауға қатысуы мүмкін, акцияларды кері сатып алуды немесе жыл қорытындысы бойынша нарыққа ақша сыйлықақыларын салуды жүзеге асырады. Кейбіреулер үшін қаңтар айы инвестициялық бағдарламаны бастау немесе портфельді қайта теңгерімдеу үшін қолайлы ай болып саналады.
"Статистикаға сәйкес, желтоқсан айы акциялар үшін неғұрлым күшті ай, бірақ биыл ралли Федералды резервтік жүйенің қараша айындағы отырысынан басталды. Трейдерлер төраға Джером Пауэлдің пікірін ФРЖ инфляцияның және еңбек нарығының бәсеңдеуі аясында ақша-кредиттік саясатты қатаңдату циклының соңына жетті деп түсіндірді, бұл ретте экономика орнықтылығын жалғастыра берді", – дейді Тамерлан Абсалямов.
Қандай акциялардың бағасы өсуі мүмкін?
Amazon (AMZN). Электрондық коммерция алпауыты – Amazon мерекелерге дайындыққа толығымен кірісіп кетті. 10 және 11 қазан күндері Prime Day жаппай сатылымының ғажап көрінісін аяқтағаннан кейін, компания жыл соңында сауда қызу жүретін маусымға дайындалып, бүкіл әлем бойынша тағы 250 мың қызметкерді жұмысқа қабылдағысы келетінін жариялады. Қызметкерлер толық немесе ішінара жұмыс істейді, сондай-ақ олар уақытша маусымдық жұмыстарға тартылады. Айта кетейік, жыл соңындағы жаппай сатылым болатын белсенді кезең қарсаңында компания қызметкерлер штатын 2022 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 100 мың адамға ұлғайтты. Amazon жылына екі рет өткізетін Prime Day науқаны компанияның кірісін ұлғайтуда шешуші рөл атқарады. Шілде айында өткізілген соңғы науқан таңқаларлық 12 млрд АҚШ долларын әкелді, бұл Amazon тарихындағы ең табысты Prime Day болды. Amazon мерекелік сауда маусымын ұзарту үрдісін көрсете отырып, Prime Day жаппай сатылымының екінші науқанын үнемі төртінші тоқсанда неғұрлым ертерек мерзімге ауыстырып отырады.
Бұдан басқа, компания қараша айының соңына қарай стратегиялық түрде орайластырылған және Алғыс айту күнімен байланысты "жомарт жұма" және "кибер дүйсенбі" деп аталатын жаппай сатылымдары жасаған серпінді пайдаланады. Инвестициялық банктердің орташа нысаналы бағасы – 178 АҚШ доллары деңгейінде болып отыр (апсайдтың 16%-ына жуық).
Meta Platforms (META). Технологиялық Meta Platforms алпауыты жыл соңында сатылымның айтарлықтай өсуін күтеді және егер инвесторлардың көңіл-күйі жақсарып, нарықта мықты "Санта-Клаус раллиі" пайда болса, оның акциялары айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін. Жақында компания мерекелік тұтынушылық шығындарды жіберіп алмас үшін стратегиялық тұрғыдан бағытталған электрониканың бірқатар жаңа модельдерін ұсынды. Бұл ұсыныстардың ішіндегі ең бастысы – жақында шығарылған Quest 3 виртуалды шынайылық гарнитурасы. Бағасы – 499 АҚШ доллары. Жаңа Quest 3 гарнитурасы Microsoft Xbox ұсынған ойындарды қолдауға арналған, бұл ойыншылар үшін тиімді таңдау болып саналады. Су жаңа Meta VR гарнитурасы Apple ұсынған толықтырылған шынайылық Vision Pro гарнитурасы болжамды шыққанға дейін бірнеше ай бұрын нарықта пайда болды. Ол тек 2024 жылдың басында сатылымға шығуы керек.
Бұдан басқа, Meta дауыстық пәрмендер арқылы фотосуреттер мен видеоларды түсіру мүмкіндігімен жабдықталған Ray-Ban аралас шынайылық смарт көзілдіріктерінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, бұл сатылымның зор мүмкіндігін болжайды. Бұдан әрі өсу болашағы жақын уақытта болады, әсіресе егер "Санта-Клаус раллиі" жүзеге асқан жағдайда болмақ. Инвестициялық банктердің орташа нысаналы бағасы 385 АҚШ доллары деңгейінде болып отыр (апсайдтың 10%-на жуық).
Оқи отырыңыз: Meta компаниясы Қазақстан мұғалімдеріне цифрлық бағдарламалар әзірлеп жатыр
Apple (AAPL). Жыл соңындағы мерекелік сауда жасаудан пайда табуға және "Санта-Клаус раллиі" кезінде өз акцияларының бағасының өсуін сезінуге дайын тағы бір технологиялық компания – Apple. Жыл сайын қыркүйек айында компания мерекелік сауда жасау қарсаңында тұтынушылық электрониканың ең жаңа желісін ұсынады, бұл әртүрлі тауарлардың, соның ішінде iPhone және MacBook компьютерлерінің сатылымының өсуін атап өтті. Өткен қыркүйек айында Apple смарт сағаттардың, iPad-тың, AirPods-тың және атап айтқанда қуаттау порты жаңа және титан корпусы неғұрлым берік iPhone 15 смартфонының жаңа нұсқаларын, сондай-ақ басқа да керемет мүмкіндіктерді ұсынды. Vision Pro аралас шынайылық гарнитурасының көптен күткен шығарылымының арқасында Apple-дің жыл соңындағы сатылымының өсу қарқыны және 2024 жылдың басында сақталады деп күтілуде. Биыл маусым айында таныстырылған Vision Pro гарнитурасы Apple компаниясының соңғы онжылдықтағы алғашқы жаңа өнімі болып табылады және нарықтық болжамдар бұл гарнитураны үздік сатылым болады көрсетуде. AAPL акциялары "Санта-Клаус раллиінен" туындаған кез келген көтерілуден өсуі мүмкін. Инвестициялық банктердің орташа нысаналы бағасы – 216 АҚШ доллары деңгейінде болып отыр (апсайдтың 10%-на жуық).
Walmart (WMT). Бөлшек сауда алпауыты және Walmart бұл – жыл соңындағы мерекелерді барынша тиімді пайдалану үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын тағы бір кәсіпорын: қосымша қызметкерлерді жалдайды және сатып алушыларды соңғы сәтте қабылдауға үлгеру үшін жұмыс уақытын Алғыс айту күнінен Рождество аралығында 24/7 дейін ұзартады. Walmart сондай-ақ "жомарт жұма" және "кибер дүйсенбі" жаппай сатылымдарынан, сондай-ақ Бокс күні болатын арнайы науқандардан айтарлықтай пайда көреді. Walmart электроникадан бастап ойыншықтар мен киімдерге дейін тауарлардың мол ассортиментіне жеңілдіктер ұсына отырып, дүкендерде де, сондай-ақ Интернет арқылы да мерекелік сауда және нарықтағы әлеуетті "Санта-Клаус раллиі" кезінде сатылымның айтарлықтай өсетінін атап өтті.
Walmart өзінің соңғы қаржылық есебінде екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Уолл-стриттің күткенінен асып түсті және өз болжамдарын өзгертті. Азық-түлік тауарлары секторындағы жоғары сатылымдар мен Интернет арқылы шығындардың өсуіне байланысты Walmart-тың екінші тоқсандағы бір акцияға шаққандағы табысы 1,84 АҚШ долларын құрап, күтілетін 1,71 АҚШ долларынан асып түсті. Компанияның түсімі 161,63 млрд АҚШ долларына жетіп, талдаушылардың 160,27 млрд АҚШ долларын құраған алдыңғы болжамдарынан асып түсті. Walmart-тың электрондық коммерция саласындағы сатылымы II тоқсанда былтырмен салыстырғанда 24%-ға өсті, ал бір дүкендегі сатылым 6,4%-ға айтарлықтай өсті. Енді ритейлер жыл бойына сатылым 4%-дан 4,50%-ға дейін өседі деп күтеді. Инвестициялық банктердің орташа нысаналы бағасы 178,6 АҚШ доллары деңгейінде болып отыр (апсайдтың 14,8%-на жуық).
American Express (AXP). Тұтынушылар әдетте мерекелік шығындары үшін кредиттік карталарды пайдаланады, бұл American Express үшін қолайлы жағдай. Кредиттік карталар шығаратын компания, әдетте, жыл соңында белсенді шопинг кезеңінде табысқа жетеді. Биыл қыркүйек айында American Express өз сатушыларының арасында "осы мерекелік маусымда трафикті пайдаланудың 7 стратегиясы" деп аталатын есеп таратты. Компания сондай-ақ рождество кезінде сауда жасау маусымы қарсаңында тұтынушыларға кредиттік карталар бойынша әртүрлі ынталандыру мүмкіндіктерін белсенді түрде жарнамалайды.
Оқи отырыңыз: KEGOC акциялары SPO-ға шығады
Компанияның үшінші тоқсандағы соңғы қаржылық нәтижелері көрсеткендей, тұтынушылардың сауда жасау үшін кредиттік карталарды пайдалануы тұрақты түрде өскен. American Express алтыншы тоқсан қатарынан бұрын-соңды болмаған кіріс туралы есеп берді, ал үшінші тоқсандағы табыс 2,45 млрд АҚШ долларын немесе бір акцияға 3,30 АҚШ долларын құрады. Айта кетейік, бұл көрсеткіш Уолл-стриттің бір акция үшін 2,96 АҚШ доллары мөлшерінде табыс күткен талдаушыларының болжамынан асып түсті. Компания нәтижелерінің жоғары болуы ауқатты клиенттердің шығындарының жалғасып жатқан серпінімен түсіндіреді. Бұл үрдіс рождество кезеңінде де жалғасады деп күтілуде. Инвестициялық банктердің максималды мақсатты бағасы 205 АҚШ доллары деңгейінде болып отыр (апсайдтың 10%-на жуық).
Target (TGT). Target жеңілдіктері бар бөлшек сауда алпауыты әдетте мерекелер маусымында өседі, себебі ол сатып алушыларды жыл соңындағы қызықты ұсыныстармен тартады. Target табыстылықты ұлғайту және пайдаға байланысты болжамнан асып түсу арқылы белгісіздік жағдайында орнықтылықты көрсетті. Target-тің өнімді таңдау мен ыңғайлылыққа бағдарлануы, сондай-ақ қолжетімді косметикалық брендтермен серіктестік оған бөлшек сауда саласында лайықты орындарды қамтамасыз етеді. P/E және PEG форвардтық коэффициенттерінде көрсетілген тартымды Target бағасы, сондай-ақ Walmart және Costco-мен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілік оның инвестициялық тартымдылығын арттырады. Компания және оның акциялары жыл соңындағы әлеуетті "Санта-Клаус раллиінен" пайда көруі мүмкін. Инвестициялық банктердің орташа нысаналы бағасы 150 АҚШ доллары деңгейінде болып отыр (апсайдтың 14%-на жуық).
Жаңа жылдық ралли кезінде акцияларды сатып алуға арналған 10 негізгі кеңес
Дайындық:
- Мұқият зерттеу жүргізіңіз: ралли кезінде асығыс әрекеттерді емес, саналы шешімдерді таңдаңыз. Негізгі көрсеткіштері тұрақты және даму траекториясы оң компанияларды таңдаңыз. Компанияның қаржылық есептілігін зерделеңіз, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін қадағалап, болашақ өсу перспективаларын бағалаңыз.
- Шешімдеріңіз тиімді болуы керек: "Санта-Клаус раллиінің" кепілдік берілген әсері 100% емес екенін мойындаңыз. Нарықтың ықтимал құбылмалылығына дайын болыңыз және құлдырау жағдайында одан шығудың нақты жоспарын құруды ұмытпаңыз.
- Өз портфеліңізді бағалаңыз: қолда бар активтерді талдаңыз және әртараптандыру үшін аймақтарды анықтаңыз. Тұтыну тауарлары, саяхат және бөлшек сауда сияқты мерекелік маусымда дәстүрлі түрде дамитын секторларға инвестициялау мүмкіндігін қарастырыңыз.
Инвестициялық стратегия:
- Алдын ала бастаңыз: соңғы минутта асықпауға тырысыңыз, инвестициялық шешімдерді алдын ала қабылдаңыз. Оқиғаларды алдын ала зерделеп, тізімін құрастыруды бастаңыз.
- Инвестицияларды әртараптандырыңыз: тәуекелдерді бір салаға шоғырландырудың орнына оларды азайту үшін инвестицияларыңызды әртүрлі компаниялар мен секторларға бөліңіз.
- Акцияның құнына назар аударыңыз: ішкі құнынан төмен сатылатын акцияларды таңдаңыз. Нарықтық белгісіздік кезеңінде құндық акциялар көбінесе тиімдірек болады.
- Шыдамдылық танытыңыз: капитал құру біртіндеп жүретін процесс екенін түсініңіз. Қысқа мерзімді пайдаға ұмтылмай, ұзақ мерзімді инвестициялық жоспарыңызды ұстаныңыз.
Тәуекелдерді басқару:
- Ордердің стоп-лосын қолданыңыз: егер бағалар белгіленген деңгейден төмен түссе, акцияларды автоматты түрде сату арқылы өз капиталыңызды қорғаңыз.
- Брокер инвесторға сауда жасауға беретін қарыз қаражатын шамадан тыс пайдаланудан аулақ болыңыз: қор нарығына инвестициялау үшін қарызға ақша алмаңыз, себебі бұл ықтимал шығындарды күшейтуі мүмкін.
- Әртараптандыруды сақтаңыз: "Санта-Клаус раллиі" тартымдылығына қарамастан, портфеліңіздің басқа сегменттерін назардан тыс қалдырмаңыз. Активтерді тиімді бөлуді қолдау үшін қайта теңгерімді үнемі өткізіп отырыңыз.
Қорытындылай келе, ұзақ мерзімді трейдерлер ерекшеліктерді ескере отырып, мереке күндері баға серпініне аса мән беріп қарауы керек екенін атап өткен жөн. Ай соңында және жыл соңында позицияларды түзету нәтижесінде туындайтын құбылмалылықтың жоғары болуы сақтық қажеттілігін тағы бір рет көрсетеді. Нәтижесінде, инвесторлар нарықтық үрдістерді ғана ұстанбай, жеке мақсаттар мен жол берілетін тәуекелге сүйенуі керек, пайда болу ықтималдығы жоғары болса да маусымдық заңдылықтар нарықта болашақта болатын қозғалыстарды үнемі ұсына алмайтынын түсінеді.