Миллион теңге жалақы ұсынатын 3 бос жұмыс орны. Электронды еңбек биржасына шолу
Enbek.kz электронды еңбек биржасына жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын, ал жұмыс іздеушілер өздерінің түйіндемелерін орналастыра алады. Бүгінде цифрлық алаңда өзекті 8 739 бос жұмыс орны бар. Осы орайда Информбюро порталы Enbek платформасындағы ең көп жалақы төленетін үш маманға қандай талаптар қойылатынын анықтады.
Инвестициялық жобалар бойынша атқарушы директор
Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы "Болат Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС инвестициялық жобалар бойынша атқарушы директор іздейді. Үміткердің жоғары білімі, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек. Толық жұмыс күні.
Жалақы: 1 161 856 теңгеден 1 452 320 теңгеге дейін.
Талаптар:
- Жоғары білім: техникалық/жылу энергетикасы, электр энергетикасы немесе экономикалық немесе орта техникалық және кәсіптік білім (жылу техникасы, электр энергетикасы).
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары білімі болған жағдайда функционалдық немесе салалық салаларда кемінде 6 жыл практикалық жұмыс өтілі, кадрлық резервтегілерді қоспағанда ірі компанияларда немесе мемлекеттік органдарда басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; ал орта техникалық және кәсіптік білімі болса функционалдық немесе салалық бағыттарда кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі, кадрлық резервтегілерді қоспағанда ірі компанияларда немесе мемлекеттік органдарда басшылық лауазымда кемінде 6 жыл жұмыс өтілі.
Міндеттері:
- күрделі құрылыс пен қайта құру жоспарларын, сондай-ақ өндірістік қуаттарды, аудандар мен қуаттарды іске қосу жоспарларын әзірлеуге жауап беру;
- құрылыс, жобалау және жабдықты сатып алу үшін қажет қаржы ресурстарының есебін жасау;
- негізгі, қосалқы және жалпы станциялық жабдықтарды жөндеуді жоспарлау және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға басшылық ету;
- мердігерлермен шарттар жасасуға және жұмыстардың орындалуын бақылауға жауап беру;
- жобалық-сметалық құжаттаманың уақтылы берілуіне, қаражаттың мақсатты жұмсалуына, құрылыстың ұзақтығына және құрылыс нормалары мен ережелеріне, стандарттар мен техникалық шарттарға, қауіпсіздік стандарттарына сәйкес инвестициялық жобалардың уақтылы және сапалы іске асырылуын бақылауға жауап беру;
- шығындарды азайту, сапаны жақсарту және құрылыс мерзімін қысқарту мақсатында электр станциясын салу мен қайта құрудың жаңа және ағымдағы әдістерін енгізуге және жетілдіруге жауап беру.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтайтын "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС қарамағында 1405 қызметкер жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Жұмыссыз әйелдерге арналған "IT-әйел" бағдарламасы іске қосылды
Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуші
Жалақы: 1 млн теңгеден 1 499 997 теңгеге дейін.
Қойылатын талаптар:
- Жұмыс өтілі: кемінде 3 жыл;
- Бағдарламалау тілдері: PHP және Go;
- RESTful архитектура принциптерін білуді қоса алғанда REST API әзірлеу және интеграциялау тәжірибесі;
- Микросервис архитектурасы тұжырымдамасын түсіну және микросервистермен жұмыс істеу;
- Өзіне-өзі қызмет көрсету терминал жүйелерінде фронтенд және бэкенд арасындағы өзара әрекеттесу ерекшеліктерін түсіну;
- GraphQL және оны Go-да іске асыру тәжірибесі;
- DevOps тәжірибесі;
- Git және СУБД PostgreSQL білу.
Масштабталатын және тиімді веб-қосымшаларды әзірлеу принциптерін түсіну; - Java, HTML, CSS, Linux тілдерін білу артықшылық болады.
Міндеттері:
- микросервистер әзірлеу;
- unit тестілер жазу;
- фронтенд-әзірлеушілермен тығыз жұмыс істеу;
- қолданыстағы функционалды жөнге келтіру.
QazCloud ЖШС құрамында 420 қызметкер бар.
Оқи отырыңыз: Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы 224 мың теңгеге жетуі мүмкін. Оны қалай алуға болады?
Web-әзірлеуші
QazCloud ЖШС web-әзірлеуші, яғни Senior Backend developer іздейді. Мұнда да жоғары білім талап етілмейді. Жалпы орта білімі болса жеткілікті. Ең бастысы осы салада жұмыс өтілі болуы керек. Сынақ мерзімі біткен соң қызметкерге және отбасындағы төрт адамға медициналық сақтандыру жасалады.
Жалақы: 900 мыңнан 1 млн 200 мың теңгеге дейін.
Қойылатын талаптар:
- V8 қозғалтқышын қоса алғанда Node.js-те жұмыс тәжірибесі;
- GraphQL білу және тәжірибесінің болуы;
- Fastify-де жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Jest білу және жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Үйренуге және дамуға ұмтылу, топта жұмыс істей алу.
Қосымша талаптар:
- Java және/немесе Spring-те жұмыс тәжірибесі артықшылық болады;
- Kubernetes жұмыс негіздерін түсіну (аса қажет емес, бірақ болса жақсы).
Міндеттері:
- Әзірлеушілер тобымен бірлесіп Node.js пен Java тілінде жазылған қолданыстағы жүйеге анализ жасау және қайта жазу;
- GraphQL және Fastify қолданып бэкенд жұмыс істеу;
- Jest қолданып өз кодтару үшін тестілер жазу;
- Қолданбаның өнімділігі мен жылдамдығын оңтайландыру;
- code review-ге қатысу;