Перейти на полную версию

"Тамақ терезе арқылы берілуі тиіс". Алматыда дәмханалар енді қалай жұмыс істейді?

Қоғамдық тамақтану орындары тәулік бойы тамақты жеткізіп беру қызметін атқара алады.

Алматыда карантиндік шектеулер кезінде дәмханалар мен мейрамханалар тамақты тәулік бойы жеткізу қызметін жасай алады. Сондай-ақ, келушілер де тамақты тәуліктің кез-келген уақытында өзімен алып кете алады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Дәмханалардың жазғы алаңдары 22.00-ге дейін жұмыс істейді деп белгіледік. Алайда тамақты жетізу уақыты реттелмеген еді. Тыйым салынбаған нәрсеге рұқсат етіледі. Тамақтану орындары тәулік бойы тамақ жеткізумен айналысқысы келсе, оған рұқсат беру керек деп ойлаймын. Бір күні тұрғындар қоңырау шалып, дәмхана тыйым салынса да, жұмыс істеп жатқанын айтты. Барып тексерсек, дәмханадағы кезек тамақты өзімен алып кетудің кезегі екен", – деді Жандарбек Бекшин.

Оқи отырыңыз: "Базар айналасындағы мәдениеттің" салдары: дарақы тойға тоқтам керек пе? Сараптама

Алматының бас санитар дәрігерінің сөзінше, тамақ тек арнайы терезе арқылы берілуі тиіс.

"Себебі, тамақты өзімен алып кетушілерге сатамыз деп бүркемелеп, ғимарат ішінде қонақ қабылдап, жұмыс істейтіндер табылады. Бірақ, залда келушілерді отырғызуға болмайды. Арнайы терезе болмаса, даяшы тапсырысты сыртқа апарып бере алады", деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшин мейрамханалар мен дәмханалардағы сәкілер ашық аспан астында орналасса, жазғы алаң саналатынын айтты. Сондай-ақ, қарт адамдарға қоғамдық тамақтану орындарына бармауға кеңес берді.

Айта кетейік, Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысымен 21 шілдеде қосымша шектеу шаралары күшіне енді. Құжатқа сәйкес, ашық аспан астындағы 30 орындық қоғамдық тамақтану орындарының 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат.

Поделиться:

Новости партнёров