Сақ болыңыз: Қаржы пирамидалары тегін оқу ұсынып арбайды
Fingramota.kz білім беру орталықтары ретінде жасырынатын қаржы пирамидалары барын ескертеді.Көп жағдайда қаржы пирамидалары заңмен тыйым салынбаған өзге қызмет түрлерін бүркемеленеді. "Әуесқойлар клубы", желілік маркетинг, тұтынушылар кооперативтері, краудфандинг платформалары – алаяқтық схемаларын жасыру түрлерінің азғантай бөлігі ғана. Инвестициялық компаниялардың атын бүркемеленіп, өте тиімді талаптармен Forex-ке немесе әлемдік нарықтардағы бағалы қағаздарға ақша құюды ұсыну да кеңінен таралған.
Әдетте, мұндай ұйымдар Қазақстанда тіркелмеген. Керісінше, алаяқтық схемалардың көбі өздерінің шетелдік "шығу тегін" басымдық деп санайды.
Дегенмен де, ерте ме кеш пе қаржы пирамидалары жария болып, оны ұйымдастырушыларға қылмыстық іс қозғалады. Бас прокуратура дерегінше, соңғы бес жыл ішінде мұндай 619 факті орын алған. 2020 жылы – 181 факт.
Соңғы уақытта қосымша біліктілік пен білім алу кеңінен таралуда. Осының аясында өздерін блокчейн-технологиялар және орталықтандырылмаған қаржы бойынша оқыту орталықтары ретінде таныстыратын ұйымдар өз қызметін белсенді жарнамалауда.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы алаяқтықтың жаңа түрлері: пандемия кезінде адамдарды қалай алдайды?
Олар қаржылық технологиялар мен құралдарды инвестициялау бойынша оқыту бағдарламаларын негізінен тегін жүргізеді. Оқу аяқталғаннан кейін клиентке өз қаражатын оқыту орталығы әзірлеген трейдингтік алаңға орналастыру ұсынылады.
Ескертеміз! Қазақстанда MarketPeak ұйымы өз қызметтерін белсенді түрде ілгерілетіп, әлеуметтік желілер арқылы жарнамалайды. Компания БАӘ-де тіркелген. Қаржылық реттеушінің сайтында осы компанияға лицензия беру туралы ақпарат жоқ. ҚР аумағында қаржылық қызметке лицензиясы немесе өзге де рұқсат құжаттары жоқ, қаржы ұйымы болып табылмайды, бөлімшелері бола алмайды және олар арқылы ақша тартуды жүзеге асыра алмайды. Қаржылық қызметтер көрсетуге, оның ішінде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге құқығы жоқ.
Тегін оқытуды өткізгеннен кейін Marketpeak компаниясы азаматтарға инвестицияны нарықтық құралдарға емес, өзінің трейдингтік платформасына салуды ұсынады. Назар аударыңыз! Бұл ретте кірістілік өте жоғары болып белгіленеді – айына 20%-дан 30%-ға дейін (шетел валютасымен).
Алайда, компанияға берілетін қаражатты қайтару ештеңемен кепілдендірілмеген, кез келген инвестициялар қамтамасыз етілмеген.