Qazaqstan телеарнасы Marvel мен Disney компаниясының әйгілі туындыларын қазақ тілінде ұсынады. Басты мақсат – әлемдік премьераларды қазақстандық көрермендерге ана тілінде тамашалауға мүмкіндік беру. Осы мақсатта Marvel және Disney компанияларының ең танымал өнімдері сатып алынған. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы әлемдік туындыларды аудару үрдісін жалғастырады.

"Қазіргі кезде Disney компаниясымен кезекті келісімшарт пакеті жүргізіліп жатыр. Әлемдік мультипликациялық блокбастерлер мен көркем фильмдерді қазақ тілінде ұсыну аясында жаңа жылдан бастап "Қазақстан" корпорациясы BBC телеарнасының ең таңдаулы деректі фильмдерін қазақ тіліне аудара бастады. BBC өнімдері Qazaqstan және Abai tv арналарының бағдарламалық кестесіне енгізілді", – деп хабарлады "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі.

Жалпы, 2012 жылдан бері Ұлттық арна Disney компаниясының алтын және платина коллекциясынан 50-ге жуық туындыны қазақ тіліне аударды. Бұл – ТМД елдері телеарналарының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.


Оқи отырыңыз: "Арыстан патшаны" қазақша сөйлеткен кім?


Қазіргі уақытта арна эфирден ұсынуға әзір көркем және анимациялық фильмдер тізімі:

  • "Чёрная пантера" – "Қара қабылан";
  • "Мстители: Война бесконечности" – "Кек алушылар: шексіздік соғысы";
  • "Человек-муравей и Оса" – "Құмырсқа адам және Сона";
  • "В поисках Дори" – "Дориді іздеуде";
  • "Суперсемейка 2" – "Суперотбасы 2";
  • "Книга джунглей – Джунгли кітабы";
  • "Тачки 3" – "Көліктер-3";
  • "Большой и добрый великан" – "Мейірімді дию";
  • "Планета сокровищ" – "Қазыналы ғаламшар";
  • "Лис и пес" – "Түлкі мен ит";
  • "Большое путешествие" – "Ғажайып саяхат";
  • "Спасатели в Австралии" – "Ержүрек құтқарушылар";
  • "Красавица и чудовище" – "Сұлу мен құбыжық";
  • "Бэмби";
  • "Золушка" – "Күлшеқыз";
  • "Спящая красавица" – "Ұйқыдағы ару";
  • "Книга джунглей" – "Джунгли кітабы";
  • "Леди и Бродяга" – "Бикеш пен қаңғыбас".