Жазда қан қысымы неге төмен болады? Кардиологпен сұхбат
Дәрігер спорттық жаттығулардың жүрекке пайдалы екенін айтады.Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультативтік-диагностикалық орталығының жоғары санатты кардиолог-дәрігері Роза Төлеуова жүрек ауруларының басты себебі, емделу жолы және қан қысымымен байланысты аурулар туралы баяндады.
– Жүрек-қан тамырлары ауруы несімен қауіпті? Қазір оны қаншалықты жақсы емдейді?
– Жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығудың басты факторлары қандай? Қай аурулар жүректің жұмысын нашарлатады?
– Жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығудың басты факторлары:
- семіздік;
- физикалық әрекетсіздік;
- темекі тарту;
- майлы,тұзды тағамдарды көп тұтыну;
- күйзеліс;
- артериальдық гипертония, қант диабеті, инфекциялар.
– Осы тұста гипертония туралы айта кетсеңіз. Оның себебі қандай? Жыл мезгілдерімен байланысты болуы мүмкін бе?
– Гипертония – көп факторлы ауру:
- урбанизацияға байланысты қала тұрғындарында көп кездеседі;
- психоэмоционалдық стресстер;
- физикалық әрекеттің аздығы;
- артық салмақ;
- тұзды тамақты көп тұтыну;
- ми қан тамырларының атеросклерозы;
- көктем-күз айларында аурудың өршуі жиі кездеседі.
Оқи отырыңыз: №9 диета деген не және қант диабетінен қалай сақтанған дұрыс? Эндокринолог кеңестері
– Жаз мезгілінде қан қысымының төмен болуы қалыпты ма?
– Иә, қалыпты. Себебі, жазда күн ыстық, қан тамырлары кеңейеді, тонус төмендейді.
– Гипотония гипертонияға өтуі мүмкін бе?
– Қауіп факторлары көбейсе, гипотониктер келешекте гипертоник болуы мүмкін.
– Жүрекке қай спорт түрі ерекше пайдалы?
– Негізі адам күніне 5-6 км жүрсе, таза ауада серуендесе – жүрекке пайдалы. Шамадан тыс физикалық жүктемеден аулақ болу керек.
– Жүрек аурулары тұқым қуалай ма?
– Иә, жүрек аурулары тұқым қуалайды.
– Жүрек ауруы мен қант диабетінің арасында байланыс бар ма?
– Қант диабеті – жүрек ауруларының қауіп факторларының бірі. Қант диабеті де, гипертония да өте кең таралған ауру, әсіресе егде жастағы адамдарда. Қант диабетіне шалдыққан науқастардың шамамен 75 пайызында жүректің асқынуы бар: артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және т.б. Кейде керісінше болады – алдымен жүрек-қан тамырлары ауруы дамиды, содан кейін предиабет немесе ІІ типті қант диабеті диагнозы қойылады.
Оқи отырыңыз: Италия биотехнологы: Косметика өндіріп бастауыма баламның тері ауруы себеп болды
– Вирустық аурулар жүрекке қалай әсер етеді?
– Кез келген жұқпалы процесс асқыну қаупі жоғары жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуін тудыруы мүмкін. Вирустар миокардтың қабынуына да алып келеді. Вирустың қабыну әсерін ескере отырып, вирустық инфекция коронарлық артериялардағы атеросклеротикалық бляшкаларды жарып, инфарктқа әкелуі мүмкін. Ауыр жүйелі қабыну кейбір науқастарда аритмияны күшейтуі немесе тіпті жүрекшелердің фибрилляциясын да тудыруы мүмкін.
– Антидепрессанттар, тынышталдыратын препараттар, антибиотиктер жүрек жұмысына қалай әсер етеді?
– Тікелей әсер етпейді, тек антибиотиктер микрофлораны өзгертеді, миокардитке алып әкелуі мүмкін. Егер миокардитке шалдыққан науқас емделмесе, келешекте ол жүрек жеткіліксіздігіне алып келеді.
– Жүрек ауруы адам жасына байланысты пайда болуы мүмкін бе? Мысалы, егде жастағылар жиі шалдығады...
– Жүрек ауруы адамның жасына да байланысты, себебі атеросклероз егде жастағы адамдарда жиі кездеседі.
Оқи отырыңыз: Көктемде бетімізге қалай күтім жасаймыз? Косметолог Алтын Сартаймен сұхбат
– Құрамында кофеин бар сусындар жүрек жұмысына қалай әсер етеді?
– Бұл сусындар жүректі тез соқтырады, қан тамырларын тарылтады және қан қысымын көтереді.