Тұмаудан кейін иммунитетті қалай көтеруге болады? Дәрігер кеңесі
Иммунитетті нығайтатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі дәлелденбеген.Қазір тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр. Қайда барсаңыз да күрк-күрк жөтелген, түшкірген, көзі жасаураған адамды көруге болады. Осы орайда Қазақстан отбасылық дәрігерлер ассоциациясының дәрігері Дәулет Дәуітов тұмау маусымы кезінде иммунитетті нығайту жолдарын баяндады. Оның айтуынша, ЖРВИ-ді емдеудің нақты әдісі жоқ. Ал иммунитетті жақсарту үшін қарапайым қағидаларға құлақ түру керек.
Дәулет Дәуітов, терапевт, жоғары санаттағы дәрігер: – Кейбір вирусты инфекциялармен ауырмаудың, олардың алдын алудың тиімді әдісі – вакциналау. Жыл сайын тұмауға қарсы екпе алуға болады. Екпе тұмаудың алдын алуға, асқынуына жол бермейді. Өкінішке қарай, иммунитетті нығайтатын нақты дәрі-дәрмек жоқ. Фармацевтика нарығында иммунтүрлендіруші, иммунитетті көтеретін, вирусты инфекциялардың алдын алатын дәрілер бар болғанымен, олардың тиімділігі дәлелденбеген. Сондықтан денсаулығыңыз, иммун жүйеңіздің жағдайы сіздің қолыңызда екенін ескеріңіз. Салауатты өмір салтын ұстанып қана иммунитетіңізді нығайта аласыз.
Кей адамдар онкологиялық, қан-тамыр жүйесі аурулары, СПИД пен АИТВ секілді ауыр иммун тапшылығы секілді иммунитетке тікелей әсер ететін ауруларға шалдыққан. Мұндайда арнайы ем алу шарт. Ал тұмау мен ЖРВИ-ден кейін иммунитетті нығайту үшін салауатты өмір салты қағидаларын ұстау жеткілікті.
- Дұрыс тамақтау. Құрамында жеткілікті мөлшерде ақуыздар бар ет, балық, сүзбе, жаңғақтар, көкөністер мен жемістер жеу керек. Күнделікті нормаға сай адам бір келі салмағына 30 мл сұйықтық (таза ауыз су, шырын, копмот, морс, сорпа) ішуі қажет.
- Физикалық белсенділік. Иммун жүйесінің жақсы жұмыс істеуіне әсер ететін ең негізгі фактордың бірі де осы. Дене жаттығулары, таза ауада серуендеу, жүгіру, велосипед тебу иммунитетті нығайтады. Күніне кем дегенде 30-40 минут дене шынықтыруға, спортқа уақыт бөліңіз.
- Толыққанды демалыс. Күніне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау керек. Ұйқының сапасын ұмытаңыз.
- Күйзелістен, эмоционалды шаршаудан аулақ болу. Менталды денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз.
- Теледидар мен компьютер алында ұзақ отырмау. Гаджеттерді көп пайдалану да иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі. Сол үшін барынша смартфонды аз қолдану керек. Бір орында қозғалмастан отыра беруге болмайды.
Тұмау мен ЖРВИ туралы басқа да материалдарды оқыңыз:
- Тұмау инфекциясынан қалай қорғануға болады?
- Тұмаудың алдын алудың тиімді жолы қандай? Маман кеңесі
- Тұмау маусымы басталды: Иммунитетті нығайтатын шайдың 8 түрі
- Күзгі жөтел: үйде емделудің тиімді бес тәсілі
- Жөтелді үй жағдайында қалай емдеуге болады?
- "Әр үшінші бала ауырып жатыр". Тұмаудың қауіпті белгілері қандай?
- Тұмаудың асқынуы: Оқушылар қандай жағдайда үйде оқиды?
- Гриппол плюс және Инфлювак тетра. Тұмауға қарсы қандай екпе алған дұрыс?