Тікелей эфир

Тұмау маусымы басталды: Иммунитетті нығайтатын шайдың 8 түрі

Республикада ЖРВИ-ге қарсы вакцинация науқаны жүріп жатыр.

Алматы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада ЖРВИ-ге қарсы вакцинация басталғанын мәлімдеді.

Өткен аптада қалада 5 943 жағдай тіркелген. Вирус жұқтырғандардың 65,2%-ы – балалар екені белгілі болды. Бұл қалада тұмау жұқтырғандар санының артып келе жатқанын көрсетеді. Осы орайда, назарларыңызға тұмау маусымы кезінде иммунитетті нығайтуға көмектесетін әрі үйде өзіңіз дайындап ішуге болатын шай түрлерін ұсынамыз. 

1. Бал мен лимон қосылған ыстық шай

Егер суық тигізіп алған болсаңыз, қара немесе көк шайға бір қасық бал мен лимон қосып ішіңіз. Бал мен лимонның пайдалы заттары құрамында қалуы үшін оларды ыстық шайға салмағаныңыз жөн.

depositphotos.com

2. Таңқурай мен жөке гүлі қосылған шай

Жөкенің құрғатылған гүлдерінен шай қайнатып, оған кептірілген жидек пен таңқурай жапырағын қосыңыз. Тұнбаны 30 минутқа қалдырыңыз. Таңқурайдың орнына тосап қолдансаңыз да болады. 

depositphotos.com

3. Итмұрын қосылған шай

Бұл өсімдік түрінде С дәрумені көп. Үш ас қасық ұнтақталған итмұрынның үстіне 0,5 литр су құйып, термосты бір түнге қалдырыңыз. Таңертең сүзіп алып жарты стақан ішіңіз. Бір күнде тамақтан 30 минут бұрын 4 рет ішсеңіз, ағзадағы әртүрлі инфекциядан арылуға көмектеседі. 

depositphotos.com

4. Мүкжидек пен сиыр жидектен морс

Екі жидек те бактерияға қарсы әсерімен белгілі. Морс әзірлеу үшін 3:1 етіп екі жидекті қантпен араластырыңыз. Кейін дайын болған қосындыдан 2 ас қасық алып, үстіне 0,5 литр жылы су қосыңыз. 

depositphotos.com

5. Минералды су мен ыстық сүт

Егер жөтеліп жүрсеңіз ыстық сүт пен "Боржоми" суын араластырып ішіп көріңіз. Бұл қосынды қақырықтың түсуіне әсер етеді. 

depositphotos.com

6. Сүт пен сарымсақ

Дәмі аса ұнамаса да, бұл екеуі бір түнде денсаулықты жақсартуға көмектеседі. Ыстық сүтке 10 тамшы сарымсақ суын қосып ішіңіз.

depositphotos.com

7. Түймедақ шайы

Түймедақты көбінесе қабынуға қарсы қолданады. Оған жөке мен бал қосып тұмауды да емдеуге болады. Шайды әзірлеу үшін 1 шай қасық түймедақ пен жөке гүлдерінің үстіне бір стақан су құйып қайнатыңыз. Кейін тұндыру үшін 20 минутқа қалдырыңыз. Күніне үш рет 1/3 стақан етіп тамаққа дейін ішкен пайдалы. Ішіне бал қосып жіберуге болады. 

depositphotos.com

8. Лимон мен Глинтвейн зімбірі қосылған шай

Дәмді әрі тұмаудан жылдам айығуға көмектеседі. Барлығын араластырып, 100 мл су қосыңыз. Қайнаған соң тұндыру үшін 10 минутқа қалдырып, апельсинді дөңгелектеп кесіңіз. Қызыл шарап, жоғарыдағы қоспа, қант және апельсинді араластырыңыз. Кейін тағы бір қайнатып алыңыз. Глинтвейнге бал, алма мен мейізді қосыңыз. Жатар алдында ыстықтай ішкен пайдалы. 

depositphotos.com


Оқи отырыңыз: Шайқұмар болу қауіпті ме?


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары