Отбасы банкінде қосалқы қарыз алушыны қалай шығарады? Банк басшысы түсіндірді
Қосалқы қарыз алушыны ипотека берілген күннен бастап 12 ай өткен соң ғана алып тастауға болады.Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қосалқы қарыз алушыны қалай алып тастауға болатынын түсіндірді. Ол бұл туралы Ашық диалог порталының қолданушысына берген жауабында айтты.
Ләззат Ибрагимованың түсіндіруінше, қосалқы қарыз алушыны қарыз берілген күннен бастап 12 ай өткен соң ғана алып тастауға болады. Ол үшін оң өтеу тәртібі фактісі және сақтандыру шартының өзектілігі тексеріледі.
“Қарыз алушы мен қосалқы қарыз алушының төлем қабілеттілігіне кірістер мен шығыстар жөніндегі құжаттардың, Бірінші кредиттік бюроның есебінің деректері (кредиттік тарих туралы анықтама) негізінде талдау жүргізіледі. Табыстар жөніндегі құжат ретінде жалақы туралы анықтама және өтініш берген кездегі соңғы қатарынан 7-13 айдан кем емес кезең үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді қабылданады”, – деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.
Оқи отырыңыз: Отбасы банкіндегі тұрғын үй несиесінің шартын қалай өзгертуге болады?
Қарыз алушының төлем қабілеттілігі банк бөлімшесінде есептеледі.
Қосалқы қарыз алушыны шығару туралы өтініш жұмыс күндері сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін Банк филиалының посткредиттік бөлімінде қабылданады. өтініші күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады. Бұл қызмет үшін несиелік берешек қалдығының 1% мөлшерінде комиссия алынады (мин/макс 5 000 теңге).
Өтінішті ресімдеу үшін қажет құжаттар:
- қарыз алушының және қарыз алушының жұбайының жеке басын куәландыратын құжат;
- некеге тұру/бұзу туралы куәлік (болса);
- куәлік/қайтыс болу туралы куәлік (болса);
- балалардың туу туралы куәлігі (болса);
- жұмыс орнынан табыс көзің анықтайтын, барлық ұстап қалуларды көрсете отырып, жалақы туралы анықтама (соңғы 7-13 ай үшін);
- соңғы 6 немесе 12 айдағы қарыз алушы мен жұбайының зейнетақы аударымдары туралы үзінді-көшірме.
Банк қосымша құжаттар талап ете алады.
Оқи отырыңыз: Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
Тұрғын үй қарызының мерзімі аяқталған кезде қарыз алушының жасы 70 жастан асса, қосалқы қарыз алушы шығарылмайды. Қосалқы қарыз алушыны ауыстыру да қарастырылмаған.