Жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және тағы басқа төтенше жағдай болғанда өзіңмен бірге қандай заттарды алып шығу керек? Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы – дабыл чемоданын жинақтау жолын түсіндірді

"Біз сейсмикалық белсенді аймақта тұратынымызды ескере отырып, бүгіннен бастап дабыл чемоданын дайындау қажет"– деді ТЖД өкілі. 


Оқи отырыңыз: Нұртөре Жүсіп: Төтенше жағдайда көмек беру бар, бірақ алдын алу жоқ


Дабыл чемоданына:

  • құжаттар мен ақша;
  • дәрі-дәрмек қобдишасы;
  • бір адамға тәулгіне 3-4 литр есебімен су;
  • консервілер мен жоғары калориялы тағамдар;
  • жеке гигиена құралдары;
  • жылы киім мен көрпе;
  • радио қабылдағыш;
  • фонарь батарейкасымен;
  • сіріңке;
  • ысқырық салып, алдын ала дайындап қою қажет.