Алматы ТЖД қызметкерлері қала тұрғындарына дабыл чемоданы үнемі дайын тұру керектігін ескертеді.
Жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және тағы басқа төтенше жағдай болғанда өзіңмен бірге қандай заттарды алып шығу керек? Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы – дабыл чемоданын жинақтау жолын түсіндірді.
"Біз сейсмикалық белсенді аймақта тұратынымызды ескере отырып, бүгіннен бастап дабыл чемоданын дайындау қажет"– деді ТЖД өкілі.
Оқи отырыңыз: Нұртөре Жүсіп: Төтенше жағдайда көмек беру бар, бірақ алдын алу жоқ
Дабыл чемоданына:
- құжаттар мен ақша;
- дәрі-дәрмек қобдишасы;
- бір адамға тәулгіне 3-4 литр есебімен су;
- консервілер мен жоғары калориялы тағамдар;
- жеке гигиена құралдары;
- жылы киім мен көрпе;
- радио қабылдағыш;
- фонарь батарейкасымен;
- сіріңке;
- ысқырық салып, алдын ала дайындап қою қажет.