8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – әйелдер қауымының асыға күтетін көктем мерекелерінің бірі. Бұл күнге орай, Астана мен Алматы қалаларында түрлі іс-шаралар жоспарланған. 

Астана

Концерттер. 8 наурыз күні Роза Бағланова атындағы орталық концерт залында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, әнші, композитор, продюсер Ұлықпан Жолдасовтың өнерде жүргеніне 40 жыл толуына орай мерекелік концерт өтеді. Онда әншімен бірге "Каспий" тобы, Нұрлан Өнербай, Мейрамбек Беспаев, Қанат пен Света Айтбаевтар, Мансұр Құдайберген, Нұрмұхаммед Жақып, Әділбек Байтанат, Алтынбек Иманбетов, Ильхан Ихсан, "Заман" тобы, Саят Медеуов, Ақылбек Жеменей, Абай Бегей, Әділ Сламхан, Ғаділбек Жанай, Фарида Жолдасова, Қуат Әбілов, "Айналайын" балалар хоры, "Диета Кз", "Самал", "Дауыс Кз", "Бастау", JL топтары өнер көрсетеді.

Астана қаласы филармониясының концерт залында "Шымкент шоу" театрының әзіл кеші өтеді.

Классикалық музыка сүйер қауымға "Жастар" сарайында скрипкашы Эмир Сулейманның кеші жоспарланған.

Сондай-ақ, осы күні Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрының артистері мен симфониялық оркестрі "Тыңда" музыкалық кешін ұсынады. Сахнада Еркеғали Рахмадиев, Шәмші Қалдаяқов, Абай, Нұрғиса Тілендиев, Құрманғазы қалдырған музыкалық туындылар орындалады. Кеште Қасымхан Бұғыбай, Шах-Мұрат Ордабаев, Жасұлан Ерболат, Олжас Жақыпбек, Қобыланды Болат, Әнуар Бектас, Бәзіл Сұлтанғазы, Біржан Жүнісов және тағы басқа дарынды артистер өнер көрсетеді.

Ал рок жанрын жақсы көретіндер үшін The Rocks bar-да "Черный пеликан" рок тобы өнер көрсетеді.

Театрлар. "Астана Опера" театры осы күні көрермен назарына Виктор Гюгоның романы бойынша "Париж Құдай анасының соборы" балетін ұсынады. Ол 2 бөлімнен, 13 көріністен тұрады. Балетте классикалық бидің мінсіз сұлулығы заманауи пластикаға толы өткір қимылдармен алмасқан. Сондай-ақ бұл күрделі де қайғылы спектакльде қатал шындық пен қиял әлемі үйлесіп жатыр. 

Сонымен қатар Жас көрерменнің музыкалық театры 8 наурызда екі бірдей қойылым қоюды жоспарлап отыр. Оның бірі – "Махаббат бар ма?" лирикалық комедиясы, екіншісі – Дулат Исабековтың шығармасына негізделген "Гауһартас" музыкалық драмасы.

Басқа да шаралар. Астаналықтар мереке күні тек концерт пен театрға ғана емес, көрме, балаларға арналған квест ойынға бара алады. 

Осы күні ҚР Ұлттық мұражайында Сержан Баширов пен оның ізбасарларының "Текті өнердің шеңбері" атты қолөнер көрмесі өтеді. 

Ал Кидбург мамандықтар қаласында "Nevermore академияcы" балаларға арналған квест ойыны жоспарланған. Билет бағасына актерлермен бір сағаттық бағдарлама, 30 минут қағаз дискотека, кәсіптер қаласында ойнау және бір ересек билеті кіреді.

Барлық шараның билеттерін мына сайттан қарай аласыз.

Концерттер. Республика сарайында Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның мерекелік жаңа ән кеші өтеді. Концерт өнерлі жұптың сахнада жүргеніне 30 жыл толуына орай өткелі отыр. 

Музкафеде Jantik Cadillac Band өнер көрсетеді. Ал La Bohême театрында джаз кеші жоспарланған.

Театр. Алматы театрында аты аңызға айналған A'Studio тобының хит әндеріне негізделген "Джулия" мюзиклі өтеді.

Наталья Сац атындағы театрда "Театр" комедиясы, Ермашов атындағы көркемөнерпаздар театрында "Париждегі кездесу" комедиясы сахналанады.

Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры болса, мереке күні Шыңғыс Айтматовтың "Қызыл орамалды шынарым" туындысын, "Жас сахна" театры Мирия Зелинскаяның "Гуманитас инжиниринг" пьесасы негізінде "Робот қыз" қойылымын қояды. 

Ал ұйғыр музыкалық комедия театры "Тәбәссүм" мерекелік кешін, ARTиШОК театрының шеберханасы "Парадокс" қойылымын көрермен назарына ұсынады.

Басқа да шаралар. Art-bunker баспанасында әйелдерге арналған standUp кеші өтеді. 

Сонымен қатар "Шығыс күнтізбесі" субұрқағының жанында "Ары қарай қайда?" аудиоспектаклі ұйымдастырылады. Ал Медеу таулы мұз кешенінің жанындағы субұрқақта "Сенің шыңың" аудиоспектаклі өтеді. 

Сондай-ақ алматылық туроператорлар Шарын каньонына бір күндік тур ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Барлық шараның билеттерін мына сайттан қарауға болады.