Нұр-Сұлтанда "Елорда жастары 2019" жеңімпаздары марапатталды
Бір ай ішінде 14-29 жас аралығындағы елордалық жастардан мыңнан астам өтініш келіп түсті.
– Елбасының бастамасымен ағымдағы жыл Жастар жылы болып жарияланды. Біздің жастарымыз барлық салада елеулі жетістіктерге жетті. Мұның бәрі қажырлы еңбек пен білімнің арқасы. Нұр-Сұлтан қаласы – армандар орындалатын қала. Жастардың қаласы. Жастар елордамыздың дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жастар үшін жағдай жасалуда, мысалы, Nazarbayev University, Astana IT Hub, Seedspace, Astana IT University ашылды. Келесі жылды Президент еріктілер жылы деп жариялады. Белсенділік танытуға шақырамын. Барлық номинанттар мен жеңімпаздарды құттықтаймын, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Осылайша, "Ғылым" номинациясы бойынша Қуаныш Ерсаханов, "Заманауи шығармашылық және өнер" – Ақбота Тоқтасынова, "Журналистика" – Риза Данияр, "Қоғамдық қызмет" – Асылбек Абдурашитов, "Спорт" – Мадияр Мусаифов, "Кино және театр" – Самат Әзімқұлов , "Эстрада" – Мирас Жүгінісов, "Әлеуметтік саланың үздік қызметкері" – Жүнісәлиевтар отбасы ,"Өндірістің үздік қызметкері" – Сабина Отарова, "Жас кәсіпкер" – Айгерiм Бапанова, "Жыл еріктісі" – Мирас Мурат, "Жыл студенті" – Орал Абдрауф, "Үздік мемлекеттік қызметші" – Таңшолпан Ерманова, "Үздік жастар театры" – "Шаңырақ" театры жеңіп алды.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және атаулы кубоктармен марапатталды.