Қазақстаннан Әзербайжанға баратын туристер саны жылдан-жылға өсіп келеді. Биылдың басынан бері елімізден Әзербайжанға 58 841 азамат барса, бұл сан 2024 жылмен салыстырғанда 21 пайызға өскен. Ал 2023 жылғы өсім, тіпті, 91 пайызды құраған. Мұндай мәліметтер Әзербайжанның Туризм жөніндегі бюросы Алматыда ұйымдастырған роудшоу аясында айтылды. Дәл осындай шара екі күн бұрын Астанада өткен еді. 

"Бұл көрсеткіштер Әзербайжанның Қазақстан үшін тұрақты туристік бағыт екенін көрсетеді. Оған екі ел арасындағы берік мәдени-тариха байланыс, визасыз режим, сондай-ақ Баку мен Қазақстанның төрт қаласы – Алматы, Астана, Атырау және Ақтаумен арадағы тікелей рейстердің болуы негіз деп есептейміз", – деді бюроның өкілдері. 

Фото: Дмитрий Шахов

Айта кетейік, қазіргі таңда екі ел арасындағы тікелей рейстерді әзербайжандық AZAL мен қазақстандық Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары орындайды. 

Роудшоуға Әзербайжанның осы салада қызмет ететін 10 компаниясы мен Қазақстанның 70 жетекші туристік агенттігінің өкілдері қатысты. Олардың қатарында, сондай-ақ әуе тасымалы компаниялары мен қонақүйлердің өкілдері де болды. 


Оқи отырыңыз: 


Шара аясында Әзербайжанның Туризм жөніндегі бюросы Каспий теңізінің арғы жағасындағы тау курорттары мен, гастрономиялық және мәдени туристік бағыттарды, заманауи инфрақұрылым мүмкіндіктерін таныстырды. Айта кету керек, қазіргі таңда қазақстандық туристер арасында жыл бойы жұмыс істейтін Шахдаг тау курортына, емдік бағыттағы шипажайларға, сондай-ақ Formula 1 Qatar Airways сынды мәдени және спорттық шараларға қызығушылық жоғары екен. 

Фото: Дмитрий Шахов

Ресми презентациядан соң шара қонақтары B2B форматындағы әңгімелесу, тәжірибе мен байланыс алмасу шараларына қатысып, ортақ жобаларды талқылауға мүмкіндік алды. 

"Мұндай бастамалар іскерлік байланысты күшейтуге, Әзербайжанды туристік бағыт ретінде таныстыру мен дамытуға үлкен серпін береді", – деп түйіндеді бюроның өкілдері.