Жыл басынан бері Қазақстанда 15 млн алаяқтық қоңырау анықталған
Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр7Елімізде жыл басынан бері 15 млн алаяқтық қоңырау анықталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ІІМ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, "Ксеll", "КаР-Тел", "Altel" және "Теle2" ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктірген.
"Нәтижесінде, өткен жылы 6 айда 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, жыл басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млннан асады. Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр",– делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Депутаттар алаяқтардың жарнамасын жариялайтын әлеуметтік желі топтарын бұғаттауды сұрады
Былтыр елімізде интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді.
"Өткен жылы желтоқсан айында Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді. Соның нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысқан Украинаның 32 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ жойылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендеген" – делінген хабарламада.