Жыл басынан бері 12,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық.Биыл 12,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
"2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының қарқыны 10,1%-ға дейін артты. Оң динамика 18 өңірде тіркелді, бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, сонымен қатар Жетісу және Абай облыстарында байқалады", – деді Байбазаров.
Биылғы қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық.
Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында тіркелді.