Жүсіпбек Қорғасбек, Маралтай Райымбекұлы. "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы тағы кімдерге бұйырды
Ұлттық әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады.Алматыда "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
2024 жылы "Айбоз" сыйлығына 7 номинация бойынша 176 шығарма авторлары өтінім берген.
Жеңімпаздар:
- "Үздік проза" – Бекет Қарашин, "Махамбеттің өлім жазасы" романы;
- "Үздік поэзия" – Маралтай Райымбекұлы, "Айкөркем" балладасы;
- "Үздік драматургия" – Думан Рамазан, "Әзірет Сұлтан" пьесасы;
- "Үздік әдеби сын" – Жүсіпбек Қорғасбек, "Сайтанның ойыны";
- "Үздік әдеби аударма" – Рауза Мұсабаева, "Таң жұлдызы";
- "Үздік балалар әдебиеті" – Төкен Әлжантегі, "Қызықтың бәрі ауылда" шығармасы;
- "Үздік комикс" – Жақсылық Сабитов, "Жошы хан".
Ұлттық әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады.
Лауреаттарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлестері үшін жазушыларға ризашылығын білдірді.
"Жыл сайын Жазушылар одағы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп алматылық 400 қаламгерге, Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп астаналық 80 қаламгерге қала әкімдерінің гранттары табысталуда. Министрлік кітап саласында да жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, биыл қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу бағдарламасына бойынша 52 авторға қаламақы төленді. Жаңа кітаптар алдағы жылы көпшілік оқырманға жол тартады. Ал қайта басып шығару бағдарламасы бойынша 2023 жыл 134 кітап жарық көрсе, биыл жыл соңына дейін 189 жаңа кітап ел кітапханаларына таратылмақ", – деді Аида Балаева.
Оқи отырыңыз: Жас дарындарды қолдауға арналған қандай мемлекеттік сыйлықтар бар?