Жүлде қоры – 8,3 млн теңге. Қыздар арасында Құранды жатқа оқу байқауы өтеді
Әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ғана қатыса алады.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 6-7 маусымда Алматыда қыздар арасында Құранды жатқа оқудан ІІІ республикалық байқау өтеді, деп хабарлады ҚМДБ.
Жарысқа қатысушылар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынайды.
Жалпы жүлде – 8,3 млн теңге. Атап айтқанда:
Құранды толықтай жатқа оқу бойынша:
- 1-орын (1,5 млн теңге);
- 2-орын (1,2 млн теңге);
- 3-орын (1 млн теңге).
Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
- 1-орын (1 млн теңге);
- 2-орын (800 мың теңге);
- 3-орын (600 мың теңге).
Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
- 1-орын (600 мың теңге);
- 2-орын (400 мың теңге);
- 3-орын (300 мың теңге).
Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша:
- 1-орын (400 мың теңге);
- 2-орын (300 мың теңге);
- 3-орын (200 мың теңге).
Үміткерлердің құжаты 15 мамырға дейін қабылданады.
Оқи отырыңыз: "Жаназаны несие алып өткізетіндер бар". Құран бағыштау дастарханында қандай ас қойылады?
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- 30 жастан аспаған ҚР азаматшасы;
- әр номинацияда талап етілетін параларды толық жаттауы, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;
- жарысқа қатысу құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімде тапсыруы;
- үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында I орын алған жағдайда жарысқа жолдама ала алады;
- әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ұсынылады (барлығы 4 үміткер);
- іріктеуден өткен үміткер номинациясын ауыстыра алмайды;
- ақтық сайысқа келген үміткер жарысқа қатысудан бас тарта алмайды;
- Құранды толықтай жатқа оқу номинациясы бойынша республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын (1 орын) алмаған болуы керек;
- 2022 жылғы IІ республикалық Құран жарысындағы 5-10 және 20 паралары бойынша жеңімпаздар (1 орын) тек жоғары номинацияларға ғана қатыса алады.
Талап етілетін құжаттар:
- Анкета (бекітілген үлгі бойынша);
- жеке куәлік (паспорт) көшірмесі;
- 1-орын сертификатының көшірмесі;
- ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамының ұсыныс хаты.