Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын", – деп жазылған президент жарлығында.

Жеңіс Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында "сәулетші-дизайнер" мамандығы бойынша, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. Әртүрлі жылдары бөлім бастығы, вице-министр, министр, премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 19 қыркүйектен 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін Қарағанды облысының әкімі болды.