Мәжіліс депутаты Еділ Жаңыбршин Facebook желісінде "Дос-Мұқасан" көркем фильмінен алған әсерін жазып, Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жасады.

Депутаттың жазуынша, 1960-70 жылдары Жезқазғанның жұмысшы жастары құрған "Қаракөз" ансамблі туралы фильм түсіру қажет.

"Біз Әділ Қазақстан құрамыз деп жүрміз. Әділдік барлық салада болуы керек. Олай болса, тарихтың "құмына" көміліп қалған тағы бір атышулы "Қаракөз" деген ансамбль болған. Осы топ туралы да фильм түсіру керек. 60-70 жылдарда Жезқазған жұмысшы жастарының құрған ансамблі елді елең еткізді. Әндері халықтың жүрегінен орын тапты, әлі күнге шейін тойлар да, отырыстар да айтылып жүр. Топтың тарихында қызықта да, трагедиялықта жағдайлар өте көп", – деді Еділ Жаңбыршин.


Оқи отырыңыз: Досым Сүлеев: "Дос-Мұқасанды" халықтық деңгейге көтерген тыңдарман жастар еді


Депутат жалпы "Дос-Мұқасан" секілді ұлттық идеологияға сай келетін фильмдерді көбірек түсіру қажеттігін айтады.

"Дос-Мұқасанның" 95 пайыз әні қазақша болатын. Бұл әндерді Кеңес Одағы ғана емес, алты ай бойы Америка Құрама Штаттары орындарынан тұрып тыңдап, қол соғып, "браво" деп айқалап қошемет көрсетті! Қазақтың кім екенін "Дос-Мұқасан" әлемге танытты. Бізге осындай фильмдер керек. Бұл – ұлттық идеология, ұлттың мақтанышы", – деп жазды мәжіліс депутаты.