Жамбыл облысында мемлекеттік жәрдемақыны заңсыз алып келген көпбалалы 27 әке анықталды
Мемлекетке келген шығын 14 миллион теңгеге бағаланып отыр."Антикор" орталығы өкілдері жүргізген тексеріс барысында әлеуметтік төлемді заңсыз алуды әдетке айналдырған 27 азамат анықталған. Олар өтінім беру кезінде жалған ақпарат беріп, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазір бұл қомақты қаражаттың тек 150 000 мың теңгесі ғана республикалық бюджетке қайтарылды, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жүргізген мониторинг барысында арнаулы жәрдемақы алатын 124 тұрғын тексерілген. Оның тек 50 пайызының ғана жәрдемақысы заңды болып шыққан. Айтуларынша, көпбалалы ата-аналар жәрдемақыға өтініш беру кезінде алаяқтыққа барып, қате ақпарат беріп отырған. Яғни, өзімен бірге тұрмайтын не ажырасып кеткен әйелінде қалған балаларын да қоса тіркеп, ақша алып келген.
"Қазіргі таңда осы соттың шешімін талап ету мәселесін көздеп отырмыз. Яғни, соттың шешімін көрген жағдайда, егер де, ол жерде әр түрлі анадан болған жағдайда, ол соттың шемімен қай анаға немесе қай атаға берілгені көрінетін болса, ол жерде мұндай сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алмайды", – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаментінің басқарма басшысы Дәурен Омаров.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: