Жайық өзенінде екі қайық соқтығысты: жарақат алғандар бар
Тоғыз адам ауруханаға жеткізілді.Жайық өзенінде 3 шілдеде сағат 20:05-те екі серуен қайығы соқтығысып, тоғыз адам ауруханға жеткізілді. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті хабарлады.
"Қайықтардың бірінде 10 адам, екіншісінде 25 адам болған. қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен "Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Атыраудағы Жайық өзені тартылып барады