Жетісулықтарға 1 қарашаға дейін орманға баруға тыйым салынды
Қаулы 23-маусымда күшіне енеді.Жетісулықтардың қыс айларына дейін орманға баруына тыйым салынды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев қаулыға қол қойды.
Яғни, 1 қарашаға дейін жеке тұлғаларға шектеу қойылды.
"Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпі жоғарғы кезеңде (жыл сайын 1 сәуір мен 1 қарашаға дейін) ормандарда жеке тұлғалардың болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін. Қаулының орындалуын бақылау "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін", – делінген құжатта.
Оның орындалуын Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қадағалайды.