Жетісу облысы Панфилов ауданының әкімдігі 8-сынып оқушысының жүкті болып қалу дерегін растады. Қазіргі таңда айыпты жігіт қамауға алынған.

Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабына сәйкес, оқушы қыз бен жігіт әлеуметтік желі арқылы танысқан.

«Жігіт отбасылы. 1999 жылы туған. Әскери қызметші. Қамауға алынды. Ал оқушы қыз 2008 жылы туған, 8-сыныпта оқиды. Олар осы жазда әлеуметтік желі арқылы танысқан. Екеуінің арасындағы жағдай өз қалауымен болған. Оқушы қыз жүкті. Қазір білім бөлімі баланың өзімен, ата-анасымен психологиялық тұрғыда жұмыстар жүргізіп жатыр», – делінген Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Нұрбол Қанағатұлының жауабында.

Оның айтуынша, қыз бала толық отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бірақ, отбасы әлеуметтік аз қамтылғандар санатына жатады.