Жетісу облысында есірткі зертханасын құрғаны үшін екі азамат сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК Департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті.
"П және Т. атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған. Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 кг психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткі заттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және тағы басқа)", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 180 миллион теңге иемденген: Chia TaiPharmaceutical қаржылық пирамидасын ұйымдастырушысы сотталды
Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.