Жетісу облысында аудан әкімдігі әлі салынбаған туристерге арналған әжетханаға 29 млн теңге төлеген
Прокурорлар аса ірі көлемдегі ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғады.Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден астам ақша төлеген. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады.
"Осы фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (ерекше ірі көлемдегі жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – деп жазылған хабарламада.
Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысының 50-ге жуық мектебінде ішкі әжетхана жоқ. Министр уәдесі неге орындалмады