Желтоқсаншыларға тіл тигізген Виолетта Паршинаның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматы полициясы әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасының қатысушыларына тіл тигізіп, пікір қалдырған қала тұрғыны Виолетта Паршинаның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Азаматша П. анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар принципті түрде құқықтық тұрғыдан бағаланады. Мәртебесіне және жағдайына қарамастан, ұлттық белгісі бойынша қорлауға жол берген барлық тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады. Алматы қаласының полициясы ұлтаралық келісімді тұрақсыздандыруға бағытталған кез келген әрекеттер, арандатушылық және араздық тудыратын контентті тарату қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді", – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұл пікір бес ай бұрын, 2025 жылғы 15 желтоқсанда жариланған видеоның астында жазылған. Алайда, ол әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, сынға ілінгеннен кейін ғана оған полиция назары түсті.