Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар қатынай бастайды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қосылады:

№201/202 "Астана-Алматы" пойызы:

  • Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
  • Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2, 5 қаңтар.

№203/204 "Астана-Шымкент" пойызы:

  • Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
  • Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар.

№205/206 "Ақтөбе-Астана" пойызы:

  • Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
  • Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар.

Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар 13 желтоқсаннан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:

  • №7553/6811–6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электр пойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды;
  • №7509/6805–6806/7510 "Павлодар-Астана-Бурабай курорты" электр пойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан алуға болады.