Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар қатынай бастайды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қосылады:
№201/202 "Астана-Алматы" пойызы:
- Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
- Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2, 5 қаңтар.
№203/204 "Астана-Шымкент" пойызы:
- Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
- Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар.
№205/206 "Ақтөбе-Астана" пойызы:
- Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар;
- Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар.
Оқи отырыңыз: Желтоқсаннан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалалары арасында қосымша пойыздар қатынайды
Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар 13 желтоқсаннан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:
- №7553/6811–6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электр пойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды;
- №7509/6805–6806/7510 "Павлодар-Астана-Бурабай курорты" электр пойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан алуға болады.
USD:
481.1 / 484.1
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.77 / 5.97