Зейнетақы жинағының 50%-ын жеке басқаруға беру: Парламент жобаны жыл соңына дейін қарайды
Қазір Әлеуметтік кодекске енгізілетін түзетулер Еңбек министрлігіне жолданған.Биыл жыл соңына дейін Парламент депутаттары зейнетақы жинағының 50 пайызын жеке басқаруға беру туралы президент ұсынысына сәйкес, Әлеуметтік кодекске енгізілген түзетулерді қарастырады. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың депутаттардың сауалына берген жауабынан белгілі болды.
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейінгі бөлігін жеке басқаруға беру үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі енді кедергі болмайды. Мұндай түзету Әлеуметтік кодекске енгізілгелі жатыр. Қазір кодекстің жаңа мазмұнын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарастырып жатыр. Ал жыл соңына дейін Әлеуметтік кодекстің жобасы ҚР Парламентінің қарауына ұсынылады.
Оқи отырыңыз:
- Зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына қалай беруге болады?
- Құрметті демалысқа шыққандардың зейнетақысы қалай есептеледі?
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларына өз зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейін жеке басқаруға беру туралы бастама көтерген болатын.