Зейнетақының бір бөлігін пайдалану мерзімі 20 күнге қысқарды
Чат-бот арқылы БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемдеріңіздің қай сатыда тұрғаны тексеруге болады.Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгерді. Енді БЗТ қаражатын пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі, деп хабарлайды "Отбасы банкінің" баспасөз қызметі.
Яғни БЗТ арнайы шотқа түскен соң, қаражатты 20 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша жұмсау қажет.
"20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ қаражаты сіздің арнайы шотыңызға түскен сәттен бастап есептеледі. Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ. Жай ғана Otbasy bank мобильді қосымшасын жүктеп алып, онлайн ашыңыз. Сондай-ақ, www.otbasybank.kz сайтындағы бейне қоңырау арқылы ашуға да болады. Арнайы шотты онлайн ашу бойынша толық бейне нұсқаулықты @otbasy_bank_kz парақшасындағы актуалды стористер немесе біздің youtube каналымыздан қараңыз", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар чат-бот арқылы БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемдеріңіздің қай сатыда тұрғаны тексеруге болады.
Еске салсақ, депозитке аударылған БЗТ 3 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол мемлекет сыйақысымен қоса зейнетақы қорына қайта аударылатыны туралы хабарлаған едік. Жуырда біржолғы зейнетақы төлемдерін enpf-otbasy.kz онлайн платформасы арқылы Отбасы банктегі шотқа аударуға болады.