Қазақстанда елді мекендерде жол бойына көлік қою талаптары қатаңдайды. Бұл туралы Жол жүрісі қағидалары, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру ережелеріне енгізілетін өзгертулерден белгілі болды.

Қазіргі таңдағы талапқа сәйкес, көлікті жаяу жүргінші жолына және оған дейінгі 5 метр жерге қоюға болмайды. Енді бұл қашықтық екі есе ұзарып, 10 метр болып белгіленбек.

Ішкі істер министрлігінің түсіндіруінше, қолданыстағы норма "көріну үшбұрышын" қамтамасыз ету шарттарына сәйкес келмейді. Жаяу жүргінші жолына жақын қойылған көліктер жүргізушілердің жол жағдайына уақытылы бағдар жасауына кедергі келтіреді.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 14 желтоқсанға дейін.


Оқи отырыңыз: Елді мекендерде автобустардың жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асыруына тыйым салынады