Жазда "Jasyl el" еңбек жасағында жұмыс істеген жастарға айына 70 мың теңге төленеді. Бір айлық жұмысы үшін жасақ жұмысшылары қолдарына таза 54 мың теңге алады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде жоба жетекшісі Зухра Иманбаева мәлімдеді.

"Жасылдар" жасағында толық жұмыс күні жоқ. Бастысы, бес күндік жұмыс аптасында 40 сағат жұмыс істесе жеткілікті. Жұмысқа тұру үшін кәмелет жасына толмаған жасөспірімге ата-анасының рұқсаты керек. Әрбір "жасыл ел" қатарына қабылданушымен жасақта жұмыс істеу мерзіміне еңбек келісімшарты жасалады. Жобада маусымнан тамызға дейін жұмыс істеуге болады", – деді жоба жетекшісі Зухра Иманбаева

Жобаға 14 пен 35 жасқа дейінгі алматылық жастар шақырылады. Жұмысқа тұру үшін жеке басты растайтын куәлік және еңбекақы түсіп тұратын "Қазпоштаның" ағымдағы шоты қажет. Жұмыс орны, жұмыс кестесі, мерзімі, жұмыс шарттары мен ұсыныстарды +7 708 928 50 72 телефон нөмірі арқылы біліп, кеңес алуға болады.