Ашық НҚА порталында "Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларының" жаңа мазмұны жарияланды.

Оған сәйкес, бұл бағдарламаға 35 жасқа толмаған, орта не жоғары білімі бар және қазіргі уақытта ресми жұмыс істейтін ел азаматтары қатыса алады.

Бағдарлама қағидасы бойынша:

  • жалға берілетін тұрғын үйдің 60 пайызы – некеде тұрған;
  • жалға берілетін тұрғын үйдің 40 пайызы – некеде тұрмаған жастарға үлестіріледі. 

Оқи отырыңыз: Тұрғын үйді жалға беру қорын құру пәтер жалдау бағасын төмендете ме?


Үміткерге қойылатын өзге де талаптар: 

  • облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтінім берер алдында соңғы 3 жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы;
  • облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тұрақты тіркеуінің болуы;
  • өтініш берушінің, жұбайының, кәмелетке толмаған балаларымен, апатты жағдайда тұрған, құлау қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 жыл ішінде ҚРаумағында тұрғын үйінің болмауы;
  • соңғы 6 айда кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы табысының болуы;
  • облыстық,  республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтініш берер алдында соңғы 3 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;
  • банкте жинақ шотының (депозиттің) болуы. 

Бұл ретте, өтініш беруші немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін алған тұрғын үйде үлесінің болуы қатысуға кедергі келтірмейді.