Тұрғын үйді жалға беру қорын құру пәтер жалдау бағасын төмендете ме?

Қор құру мәселесі бойынша ашық талқылау 31 қазан күні өтеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызығушылық танытқан ынталы азаматтар үшін жеке жалға беру қорын құру бастамасын талқылауға арналған арнайы басқосу өткізеді. Дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылатын жиын барысында коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының барлық қатысушылары аталған механизмді жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын білдіре алады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ашық талқылау 2022 жылдың 31 қазанында жоспарланып отыр. Нақты уақыты мен өтетін орны қосымша хабарланады.

Министрліктің хабарлауынша, жалға беру қорын құру туралы нақты шешім әлі қабылданбаған. Ведомство бұл әдісті тұрғын үй мен жалдамалы баспана нарығында қалыптасқан түйіткілді мәселелерді оңтайлы шешудің жолы ретінде ғана ұсынып отыр.

ИИДМ мәліметінше, арендалық баспаналардың тұрғын үй қорындағы үлес салмағы 22 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш дамыған мемлекеттердегі көрсеткіштен әлдеқайда төмен (50 пайызға жуық).

"Бүгіндері Қазақстандағы жалға берілетін баспана нарығының басым бөлігі "көлеңкеде" қалып отыр. Өз кезегінде бұл тараптағы жіті бақылаудың жоқтығы бағаның бей-берекет өсуіне және заңсыз қайшы әрекеттерге алып келуде. 2017 жылдан бері пәтерді жалға беру құны екі жарым есеге артқан. Атап айтқанда, бір шаршы метрді жалдау құны 1 329 теңгеден 4 029 теңгеге өскен. Көптеген пәтер иелері өз баспаналарын ешқандай келісімшартсыз өткізеді. Қазақстанда жайлы тұруға кепілдік беретін тұрғын үйді жалға берудің арнайы стандарттары бекітілмеген. Яғни, жалға берудің институционалдық нарығы қалыптаспаған", – делінген ИИДМ хабарламасында. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары