Кәсіпкер немесе кәсіп бастағысы келетін жастарға конкурстық негізде микрокредит беру қағидаты бекітілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Микрокредит алу шарттары:

  • 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар ала алады;
  • Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепіл қою қажет;
  • Несиенің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
  • Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін – 5 жылға дейінгі, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ, негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайды. 


Оқи отырыңыз: Жастарға арналған 2,5 пайыздық кредит: Негізгі шарттары белгілі болды


Министрлік микрокредит алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарлайды.

Айта кетейік, микрокредиттер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы беріледі.