Жасөспірім қызды зорлаған Маңғыстау тұрғыны 22 жылға сотталды
Ол кәмелетке толмағандармен жұмыс істей құқығынан өмір бойына айырылады.Маңғыстау облысында жасөспірім қызды бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген тұрғынға сотт 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Сотталушы П. 2023 жылдың тамыз айынан қараша айы аралығында жасөспірім жәбірленуші А.-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлап жыныстық қатынасқа түскендігі және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандығы анықталды", – делінген баспасөз хабарламасында.
Сотталушының кінәсі куәлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденген.
"Сот сотталушы П.-ны ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігінде, 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігін қолданып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп жазды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Сенатор Асанова: "Қиянатты дәстүрмен бүркемелейді". Отбасындағы зорлық туралы заң жобасында қандай жаңалық бар