Жарықтың жиі сөнуінен техникаңыз күйіп кетсе кім жауап береді?
Әкім орынбасары құрылыс жұмыстары жақында басталады деп сендіріп отыр.Өскемен қаласында бүтін бір шағын ауданда жарықтың жиі сөнуінен тұрғындардың тұрмыстық техникалары бірінен соң бірі күйіп, істен шығып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Баспанаға қоныстанғалы жарықсыз өткен күндеріміз көп деп күйінеді жұрт. Соның кесірінен сағаттап тіршілік нәрі де тоқтап қалады екен. Таудың етегінде тұратын бұқара шенеуніктердің мәселені шешеміз деген құр уәдесіне тойдық деп ашулы.
№19 шағын ауданның тұрғындары істен шыққан қымбат тұрмыстық техникаларының өтеуін кімнен сұрарын білмей әлек.
Айтуларынша жиі сөнетін электр жарығының кесірінен техникалардың сымы тұйықталып, күйіп кете береді. Енді содан өрт тұтатанып, орны толмас қайғылы оқиғаға ұласып кетпей ме деп алаңдайды көпшілік.
Шағын аудан тұрғындарының қордаланған мәселесі мұнымен бітпейді. Көпшілік ауыз су сапасы да нашар, ішуге жарамсыз дейді. Оған қоса, тіршілік нәрі жарық сөнгенде тоқтап қалады екен.
Әкім орынбасары құрылыс жұмыстары жақында басталады деп сендіріп отыр. Бірақ бұл сөзге көпшілік күмәнмен қарайды. Өйткені шенеуніктердің орындалмайтын уәделерін бұған дейін талай естігенбіз дейді тұрғындар.