Тікелей эфир

Су тасқыны салдарынан қанша қазақстандық жарықсыз қалды?

Су деңгейі төмендегеннен кейін ғана электр қуатымен жабдықтауды қалпына келтіруге болады.

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев үкімет отырысында ведомствоның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.

Қостанай облысында өшірілген абоненттер саны 5000-нан 700-ге, Ақтөбе облысында 5500-ден 13 абонентке дейін қысқарды. Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында электр жарығынсыз қалған абоненттер саны төрт есеге, Атырау облысында үш есеге азайған. Солтүстік Қазақстан облысында апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Шенеуніктер қалған 5 мың абонентті электрмен қамту су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтірілетінін айтты.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда электр қуатының бағасы тағы көтеріле ме? Вице-министрдің жауабы


Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик қатысуда. Олар жақын күндері 3 мыңнан астам электр бағандарын қалпына келтіруі керек.

Серіктестер жаңалықтары