Жапония мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап 10 жасқа дейінгі оқушыларға баға қойылмайды. Атап айтқанда, бастауыш сыныптардың 1-4 сыныптарында формалды бағалау жүйесі, соның ішінде цифрлық бағалар толығымен алынып тасталады.

Бұл өзгерістің негізгі мақсаты – балалар арасындағы академиялық бәсекені күшейту емес, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Бастауыш білім беру кезеңінде оқушылардың бойында білімге деген қызығушылықты, ізденімпаздықты және негізгі әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға басымдық беріледі.

Жапон мектептерінде оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Оқу бағдарламасында «дотоку» атты пән бар, ол мораль мен этикаға арналған. Бұл сабақтарда балаларға құрмет, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық және топпен жұмыс істеу қағидалары үйретіледі.

Сонымен қатар, жапониялық білім беру жүйесінде оқушылардың дербестігін дамыту маңызды рөл атқарады. Мектеп оқушылары сыныптарды және мектеп аумағын өздері тазалайды, сондай-ақ түскі ас ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады. Бұл тәжірибе балаларды тәртіпке, еңбекқорлыққа және ортақ жауапкершілікке баулиды.