Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік Германияда өткен әйелдер Бундеслигасында өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын хабарлады.

Жансая Әбдімәлік. Фото Жансаяның Instagram желісінен алынды

Оқи отырыңыз: Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды


"Мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас - SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл – шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік", – деп жазды Жансая Әбдімәлік Instagram желісінде.

OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болса, барлығы 12 рет Бундеслига жеңімпазы атанған.