Тікелей эфир

Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды

Алматы мектептерінде шахмат сабақтарына арналған кабинеттер жасақталады.

22 жастағы халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерацияның президенті болып тағайындалды.

"Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында – төрт негізгі бағытты дамыту: қала тұрғындары арасында бұқаралық спорт, мектептегі білім берудегі шахмат, жоғары жетістіктер спорты, сондай-ақ ардагерлерді қолдау", – деді Жансая Әбдімәлік.

Федерация алматылықтар үшін шахмат мәдениетімен танысуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Таяудағы 3 жылда жаңа тұрақты спорттық іс-шаралар – бір мезгілді ойынның ашық сеанстарын, Алматы және басқа қалалар құрамалары арасында турнирлер ұйымдастыру, сондай-ақ саябақтарда, аулаларда, ауруханаларда және басқа да қоғамдық орындарда жаңа шахмат аймақтарын құру жоспарлануда.


Оқи отырыңыз: Қазақстан шахмат федерациясы Жансая Әбдімәлікті "Дара" орденімен марапаттады


Сонымен қатар, жоспарға сәйкес Алматы мектептерінде шахмат сабақтарына арналған кабинеттер жабдықталады, мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы оқыту бағдарламалары, әдістемелік құралдар әзірленеді, сондай-ақ мектеп лигасына қатысу үшін командалар құрылады.

"Жалпы білім беру мекемелерінде шахмат сабақтарын енгізу тәжірибесі Ұлыбритания, АҚШ, Түркияда бұрыннан қолданылып келеді, ал Армения шахматты міндетті мектеп бағдарламасына енгізген әлемдегі алғашқы ел болды. Алматылық оқушылар үшін бұл одан әрі интеллектуалды дамуға қолайлы жағдай жасайтыны сөзсіз", – деді Жансая Әбдімәлік.

Жоғары жетістіктер спортын дамыту шеңберінде балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, 8 жастан 18 жасқа дейінгі Алматы құрамасын қалыптастыру, ал соның нәтижесінде Қазақстан, Азия, әлем чемпионаттарында, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі олимпиадада жүлделі орындарға ие болу міндеті басым болып табылады.


Оқи отырыңыз: Президент Жансая Әбдімәлікті ерлер арасындағы гроссмейстер атағын иеленуімен құттықтады


"Әрине, ең маңызды міндеттеріміздің бірі – қаржыландыруды тарту, өйткені онсыз спорт федерациясының қызметі әлдеқайда күрделі. Кәсіби спортшылар мен шахмат әуесқойлары үшін үздік жағдай жасау мақсатында Алматы шахмат федерациясы демеушілермен ынтымақтастық жасау үшін әрдайым ашық болады", – деп атап өтті Жансая Әбдімәлік.

Серіктестер жаңалықтары