Қаланың Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мұны "дельта" штамының таралуымен байланыстырды. Ол "Дельта" шатамының жылдам жұғатынын әрі қаупі жоғары екенін айтады.

"Қазіргі таңда қалада таралған штамдардың 78-80%-ын "Дельта, 16%-ын "Альфа" және 3%-ын Сovid-19 ("Ухань") құрайды. Өткен жеті күн ішінде ауру белгілері бар науқастардың үлесі 2 есе, яғни 53%-дан 88%-ға өсті. Бұл ауыр "дельта" нұсқасының тарауымен байланысты болып отыр", – деді Бас санитарлық дәрігер.

Мұнымен қатар, Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы баяндады. Талдау нәтижесінде соңғы екі апта вирусты негізінен балалар мен жастардың жұқтырғаны анықталған.


Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирус жұқтыру деңгейі 2,1 есе артты. Almaty Arena мен әскери госпитальде қосымша орындар дайындалады


"14 жасқа дейінгі балалардың 13% инфекция жұқтыруға бейім. 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында коронавирустың таралуы 3,4% ұлғайып, осы жылы ең жоғары деңгейге жетті (39%). Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Сондай-ақ, 40 пен 59 жас аралығында 25% деңгейінде. Яғни, әрбір төртінші адам вирус жұқтырған", – деді Жандарбек Бекшин. 

Ал 60 жастан асқан адамдар арасында жұқтыру үлесі 1,6% төмендеген. Бас санитар мұны екпе салдырумен байланыстырды. Алматының бас санитарлық дәрігері коронавирустың жаңа штамының тез таралатынын әрі қала тұрғындарының денсаулығы үшін қауіпті екенін ескертті. Сондай-ақ, маска режимін сақтау әрі оны жиі ауыстыру қажет екенін еске салды.