Жаңбыр, жел, найзағай: 29 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қазақстанның солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, жауын-шашынсыз өтеді, температура түнде -2…-4°С, күндіз +5…+7°С. Қостанайда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, тұман мен көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +4…+6°С. Көкшетауда жауын-шашынсыз, күндіз +3…+5°С, Павлодарда да ашық, температура +6…+8°С шамасында болады.
Орталық аймақтарда – Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр жаууы ықтимал, күндіз +8…+10°С. Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күн жылырақ, +13…+15°С.
Шығыста – Өскемен мен Семейде жаңбыр мен найзағай күтіледі, сынап бағаны күндіз +11…+15°С аралығында.
Батыс өңірлерде – күн негізінен ашық болады. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, күн жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +11…+13°С. Атырау мен Ақтөбеде жауын-шашынсыз, күндіз +12…+20°С аралығында. Ақтауда ауа райы ашық, түнде +10…+12°С, күндіз +20…+22°С.
Оқи отырыңыз: Мұнай-химия өндірісі кеңейеді: Қазақстанда жаңа зауыт салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр
Оңтүстікте ауа райы құбылмалы. Тараз, Шымкент және Түркістанда күндіз жаңбыр мен найзағай болып, жел күшейеді, ауа температурасы +22…+27°С. Қызылордада кей жерлерде жаңбыр күтіледі, күндіз +20…+22°С.
Алматы, Қонаев және Талдықорғанда жауын-шашынсыз жылы күн күтіледі, температура +25…+27°С.