ҚР Энергетика министрлігі мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұжырымдамасын жүзеге асыруға кірісті.
Құжатты әзірлеуге "Самұрық-Қазына" қоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, мұнай өңдеу зауыттары және ғылыми-зерттеу институттары қатысқан.
Министрліктің мәліметінше, тұжырымдама жобасына 50-ден астам компания мен мемлекеттік органнан 1000-нан астам ұсыныс түсіп, олар құжаттың нақтылығын арттыруға ықпал еткен. Қазіргі таңда Жедел іс-қимыл жоспарының 19 тармағының 8-і орындалды.
Тұжырымдама аясында алты басым бағыт айқындалды: мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру, ғылыми-зерттеу институтын құру, "Конденсат" АҚ-ның өндірістік жүктемесін арттыру, экологиялық таза мотор отындарына көшу, стратегиялық қойма салу және жаңа зауыт салу мүмкіндігін қарастыру.
Сала мұнай химиясы және газ химиясы бағытында дамып келеді. Атырау МӨЗ-де бензол мен параксилол өндірісі жүзеге асырылса, KPI жобасы полипропилен шығаруға негізделген. Сонымен қатар авиаотын өндірісін жылына 1,5 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.
Энергетика министрлігі тұжырымдаманы іске асыру саладағы тұрақты дамуға жол ашып, заманауи мұнай-химия кешендерін құруға, мотор және авиаотын өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
USD:
503.5 / 509.5
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63