"Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.Халықтың авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде (жазғы демалыс кезеңінде) қатты сынға алуы аясында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру қорытындысы бойынша Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.
"2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Эйр Астанаға қатысты 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.