Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.

1972 және 1977 жылы туған ер адамдар жарылыстан соң облыстық көпсалалы ауруханаға ауыр халде жеткізілген. 

"Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Жаңаөзендегі жарылыс: Баспанасыз қалған 9 отбасы үйлі болды


Еске салайық, 17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерде жарылыс болып, оқиға орнында 4 адам көз жұмған. Ал ауыр жарақат алған адамдар ауруханаға жеткізілген еді.