Бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстанның төрт облысының мәслихаттарында жаңа әкімдерді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша депутаттардың жиналысы өтеді.

Ақтөбе облысы мәслихатындағы жиын сағат 13.00-ге белгіленген. 60 жастағы Ералы Тоғжановтың орнына жаңа әкім тағайындалады.

Жамбыл облысында депутаттар облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін сағат 11.00-де жиналады. Облыстың экс-әкімі Нұржан Нұржігітов бір күн бұрын су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірқатар жаңа министрлер тағайындалды.


Ақмола облысында депутаттар жиыны сағат 10.00-ге белгіленген. Бұған дейін облысты басқарған Ермек Маржықпаев өткен аптада туризм және спорт министрі болды.